Қазақстан. 2 маусым. 7kun.kz – Бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің Hermes фирмалық сөмкесі электронды сауда алаңында сатылды. Мәміле сомасы 4,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл лот ағымдағы жылдың сәуірінде аукционға қойылды. Сөмке сол кездегі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Сәкен Мұсайбековтен тәркіленді.
Сотта оның жазасын «Пара алу» бабынан «алаяқтыққа» ауыстырып, оған 62 миллион теңге айыппұл салынды.
Алғашында сөмке 8,5 миллион теңгеге бағаланған, бірақ оны ешкім сатып алмаған. Лот 13 мамырда қайта жарияланды. Екінші ретте сөмке сатылды, алайда екі есе төмен бағаланды.
Мемлекеттік мекемелер сыйлықтар мен тәркіленген мүлікті жиі сатуға қояды. Мәселен, биыл мамырда «Olimp.kz» ЖШС, «Alpha bet» ЖШС және"Onlybet" ЖШС сотталған басшыларының сәнді көліктері аукционға шығарылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024