Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бюджет қаржысы игерілмесе бірінші басшылар жауапты болады

Бюджет қаржысы игерілмесе бірінші басшылар жауапты болады

Белгіленген нәтижеге қол жеткізбегені үшін басшылар жеке жауапты болмақ. Бұл туралы бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасының тұсаукесерінде Ұлттық экономикам министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен бюджеттік бағдарламалардың басшыларына нақтыланған нәтижеге жеткендігіне байланысты дисциплинарлық жауапкершілік міндеттеледі. Себебі оларға жоспарлаған межеге жету үшін бюджеттік бағдарлама ішінде қаржыны қайта бөлу құқығы берілген", - деп түсіндірді ол. "Яғни үкіметтің әрекетіне мемлекет басшысы алдында премьер-министр, ал премьер-министр алында атқарушы орган басшылары мен министрлік басшылары жауап береді. Нәтижеге бағытталған бюджет енгізілуіне байланысты әрбір бюджетті бағдарлама және 2016-2018 жылдардың бюджет жобасына нақты нәтижелер бекітілген. Олар осы бағдарламаларды іске асыру кезінде орындалуы қажет. Сондай-ақ бюджет игерілмегені үшін жеке дисциплинарлы жауапкершілік енгізіледі. Бізді мемлекет басшысы тағайындайды, қол жеткізген нәтижеге байланысты премьер-министр мемлекет басшысына тиісінше ұсынатын болады", - деді Мәжілістегі сөзінде Е.Досаев.

Похожие материалы