
Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында бюджетке салық пен төлемдер көлемі 4,5 трлн теңге болды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, ең көп салық пен төлемдер төлеген Алматы қаласы (1,1 трлн теңге), Астана (641,5 млрд теңге) және Атырау облысы (602,4 млрд теңге).
Ақтөбе облысы мемлекеттік бюджетке 235,7 млрд теңге, Қарағанды облысы – 217,6 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы - 207,8 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы - 204,5 млрд теңге, Алматы облысы - 203,7 млрд теңге, Маңғыстау облысы - 202,5 млрд теңге, Павлодар - 152,1 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы - 145,2 млрд теңге, Қостанай облысы - 104 млрд теңге, Ақмола облысы - 79,4 млрд теңге, Қызылорда облысы - 67,5 млрд теңге, Жамбыл - 53,7 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан облысы 49,5 млрд теңге салық төлеген.
Хожантаева Айгүл
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025