Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылғы алғашқы есеп беру баспасөз конференциясында БЖЗҚ басшылығы филиалдық желісінің қысқарылып, 18 бөлімшенің оңтайландырылатынын хабарлады.
2018 жылдың басында БЖЗҚ филиалдық желісі Қазақстандағы ең ірі қаржы институттарының бірі болды. Жалпы Қазақстан бойынша оның 231 филиалы бар.
Ақпан айындағы салымшылар (алушылардың) өтініштерінің төмендігі есебінен келесі елді мекендерде 8 сервистік орталық жабылады: Кеңқияқ кенті, Достық станциясы, Доссор кенті, Серебрянск қаласы, Төле би ауылы, Тайпақ ауылы, Жетібай кенті және Шар қаласы.
Бұл аймақтарға жақын орналасқан аудан орталықтарында БЖЗҚ жұмысын жалғастырады.
Оңтайландырудың екінші толқыны ірі қалаларда да жүреді. Семей, Тараз, Өскемен және Талдықорғанда тек бір ғана БЖЗҚ бөлімшесі жұмыс істейтін болады. Ал, Алматыда 4 бөлімше.
Келесі 5 бөлімше мүлдем жабылады:
Алматы қаласы (Райымбек даңғылы №4 бөлімше)
Талдықорған қаласы (Төлебаев көшесіндегі №1 бөлімше)
Өскемен қаласы (Виноградов көшесі бойындағы №1 бөлімше)
Тараз қаласы (Рахимов көшесі №1 бөлімше)
Семей қаласы (Затаевич көшесі №1 бөлімше)
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024