Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банкке сауалхат жолдады. «БЖЗҚ» АҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтан және БЖЗҚ төрағасы Нұрбүбі Наурызбаевадан теміржол саласына бөлінетін зейнетақы қорының 50 млрд теңгесі туралы жағдайды түсіндіруді сұрады.
Осыған дейін 20 ақпанда инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау БЖЗҚ қаржысының 50 млрд теңгесі темір жол саласына бөлінеді деп мәлімдеген еді. Оның сөзінше, бұл қаржы темір жол саласын субсидиялауға жұмсалады.
Осы мәселеге байланысты БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес БЖЗҚ басшылығына хат жолдаған. Сауалхат мәтіні мынадай:
- Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа сай, бұл шешім қашан және кім арқылы қабылданды?
- Егер шешім қабылғанған болса БЖЗҚ қаржысын алатын қандай компаниялар? Қаржыны пайдалану шарттары қандай?
- Қордың құрылтайшысы және акционері кімдер?
- Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитет» мемлекеттік мекемесі инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың қор қаржысын тарту туралы мәлімдемесімен келісе ме?
- Зейнетақы активтеріне бағытталған өтінімді қарастыру тәртібі қандай? Эмитенттерді іріктеу талаптары, тәуекелділік деңгейі қандай, бастысы табыс пен жұмсалған қаржыны қайтаруға кепілдік бар ма?
- Инвестициялық шешімді қабылдау механизмі қандай? Оны қабылдаған жағдайда инвестицияны басқарушы зейнетақы жинағының жиналуына және сақталуына қаншалықты жетекшілік ете алады?
- Мұндай инвестициялар инвестициялық декларацияға, атап айтқанда, жалпы салымшылардың мүдделерін сақтауға қаншалықты сәйкес келеді?
- Бұдан бөлек қандай эмитенттер, мемлекеттік бағдарламалар, ведомстволар зейнетақы активеріне қызығушылық танытып отыр?
- БЖЗҚ құрылғаннан бері, яғни 2014 жылдан бері зейнетақы активі инвестиция ретінде салынған жобалардың тиімділігі, табысы туралы толық ақпарат берулеріңізді сұраймыз.
Айта кетейік, бұған дейін Қоғамдық кеңестің төрағасы Досым Сәтбаев фейсбуктағы парақшасында зейнетақы қорының қаржысын теміржол саласына бөлу туралы шешім салымшылардың мүддесіне қарсы келуі мүмкін екенін жазған. «Қымбатты достар! Теміржол саласына субсидиялау үшін БЖЗҚ-дан 50 млрд теңге алынатыны туралы ақпарат тарады. Сондықтан салымшылардың мүддесіне қарсы келетін шешімге байланысты БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес БЖЗҚ-ға және Ұлттық банкке сауалхат дайындап жатыр. Бүгін сауалхаттың мәтінін қоғамдық кеңестің фейсбуктағы парақшасына орналастыратын боламыз. Егер жауап қанағаттандырмаса немесе кешігіп жатса кеңес қоғамдық мәлімдеме дайындайды», - деп жазды ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024