Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның алдағы уақытқа даму жоспары бекітілді

БЖЗҚ-ның алдағы уақытқа даму жоспары бекітілді

Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлар кеңесінің отырысында Қор дамуының түзетілген жоспары бекітілд. "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"2017 жылдың соңына дейін мына міндеттерді орындау жоспарланды: жеке деректемелерді өзгерту туралы өтінішті электрондық түрде беруді жүзеге асыру; өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және екінші деңгейдегі отандық банктердің бірінің инфрақұрылымы арқылы Қордың электрондық қызметін ұсыну бойынша қанатқақты жобаларды іске қосу; Қор қызметінің ашықтығы мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру", - делінген қордың таратқан хабарламасында.

Сонымен бірге, қордың электрондық қызметтерін бір емес, бірқатар жеке банктердің инфрақұрылымы арқылы жүзеге асыру, зейнетақы шоттарындағы барлық операция бойынша бірыңғай ақпараттық деректер қорын жасау (ағымдағы және тарихи деректер бойынша) және жеке зейнетақы шотындағы ақпараттарға жалғанған дербес зейнетақы калькуляторын жүзеге асыру міндеттерін жүзеге асыру көзделген.

Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың біріктірілген жүйесін әрі қарай дамыту үшін сапа менеджменті жүйесі бойынша стандарттар енгізу қажет. 2018 жылдың бірінші жартысында Қор ISO 9001:2015 стандарты бойынша Халықаралық сәйкестік сертификатына қол жеткізбек. Қордың даму жоспарын жүзеге асыру аясында шығындарды оңтайландыру және басымдыққа ие емес әрі тиімділігі төмен шығындарды қысқарту бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Похожие материалы