Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы 494,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдан 2,6 пайызға көп деп хабарлайды ranking.kz.
2017 жылғы қыркүйектің аяғында зейнетақы жарналары 7,5 трлн теңгеге жетті. Жылдық өсім 16 пайызды(1 трлн теңге) құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 21,3 пайызды (1,1 трлн теңге) көрсеткен еді.
Жеке зейнетақы шоттарының саны бір жыл ішінде 0,1 пайызға (10,2 мың) өсіп, 9,9 млн салымшыға жетті.
Міндетті зейнетақы жарналары барлық зейнетақы жарнасының 7,4 трлн теңгесін немесе 98,2 пайызын алады. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте міндетті жарналар көлемі 524,6 млрд теңге болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 54,3 пайызға көп.
Зейнетақы төлемдерінің көлемі 161,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23,9 пайызға артық.
Зейнетақы жарналары бойынша комиссиялық сыйақылар бір жыл ішінде 16,3 пайызға (13,7 млрд теңге) өссе, инвестициялық кірістің сыйақысы 50,4 пайызға (18,6 млрд теңге) төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024