Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жеке активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруына берді. Бұл туралы қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2017 жылдың 1 тоқсанында әкімшілік шығындарды қысқартуға және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға арналған құрылымды оңтайландыру жұмыстары аяқталды. Жаңа редакцияда қордың жұмысына қажетті көптеген нормативті құжаттар қайта қаралды. Әр филиалға ішкі аудиторлар енгізілді. Ол қордың аймақтық бөлімдерінде бақылау жүйесін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті БЖЗҚ басшысы Нұрбүбі Наурызбаева.
Оның айтуынша, қордың жыл басындағы маңызды жұмыстарының бірі ішкі бизнес процесстерді, тәуекелдерді басқару процесстерін және ішкі бақылау жүйесін нығайтуды қайта қарау болды.
Оның айтуынша, бұл шешім БЖЗҚ-ның еркін операциялық қызметін аясында, зейнетақы қорының инвестициялық комитетінің шешіміне негізделе отырып қабылданды.
Еске салсақ, 2017 жылдың басында директорлар кеңесі БЖЗҚ жеке активтері мен зейнетақы актитерін Халық банкінің сенімді басқаруына өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024