Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – БЖЗҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева 2018 жылдың бірінші жартысында ұлттық қордың қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2018 жылдың 1 шілдесіне портфельдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (46,7%) орналастырылса, 19%-ы қазақстандық екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына инвестицияланған. Валюталық құрылым бойынша 68%-ы теңгелік қаржы құралдарына салынса, 32%-ы шетелдердің валюталарында сақталуда", - деді Наурызбаева.
2018 жылдың I жартыжылдығында БЖЗҚ зейнетақы активтеріне есептелген инвестициялық табыс 378 183 миллион теңге болған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 70%-ға артық болып отыр.
Есептік мерзімдегі табыс құрылымының негізгі бөлігін құнды қағаздар (купон немесе дисконт) бойынша сыйақылар 63% болды. Инвестициялық табыс құрылымындағы үлесі бойынша қаржы құралдарын қайта бағалаудан түскен табыс екінші орында", - деді басқарма төрайымы.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024