Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражаты 9,8 трлн теңгені құрады, - деп хабарлады БЖЗҚ.
Жыл басынан бастап жинақ 4%-ға, бір айда 1,7%-ға артты.
Негізгі үлесті (9,5 трлн теңге) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтар құрайды.
Жыл басынан бастап жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың 94,8%-ы МЗЖ-ға, 4,7%-ы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) және тек 0,5%-ы ерікті зейнетақы жарналарына(ЕЗЖ) тиесілі.
«Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға арналған ЖЗҚ бойынша есептелген таза инвестициялық кіріс 154,9 млрд теңгені құрады, зейнетақы активтерінің 4 айдағы табыстылығы 1,62% құрайды. Бұл ретте кірістілік көрсеткіштерін неғұрлым ұзақ мерзімді кезеңде қарау керек. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы 10,7%-ды құрап отыр, бұл инфляцияға қарағанда 5,8% жоғары, сол кезеңде ол 4,9% деңгейінде белгіленді», - делінген хабарламада.
2019 жылдың 4 айында табыс салығын есепке ала отырып зейнетақы төлемдері 74,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде жасы бойынша төлемдер 35,3 млрд теңгені (барлық төлемдердің 48%-ы), сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 15,7 млрд теңгені (21%-ы), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне байланысты төлемдер – 13,0 млрд теңгені (18%), мұрагерлік және жерлеуге төлемдер – 9,3 млрд теңгені (12%) құрады.
«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылды. «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы және акционері ҚР Үкіметі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024