Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 2015 жылғы 11 айдағы таза инвестициялық кірісі 632,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
«2015 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинағының сомасы 5,64 трлн теңге болды. Барлық келісімдер бойынша жеке зейнетақы есебінің саны 10,1 млн-нан асты. Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарнасы бойынша келісімдер саны 388 085, ал жинақ сомасы - 60,6 млрд теңге. Жинақтың орташа жылдық өсімі - 20%. Сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражатты қоса есептегенде БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы сомасы 2015 жылдың 11 айында 126,8 млрд теңгеге жетті», - делінген қор хабарламасында. Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 желтоқсанында 1,2 млн адам жеке зейнетақы есебі туралы ақпарат алу мақсатында веб-ақпарат жүйесін таңдаған. 250 мың адам ақпаратты электронды мекенжай арқылы алатын болса, 960 мың адам қордың веб-сайты немесе мобильді құрылғылардағы қосымшалар арқылы алып отыр. Фото: millioner.kzПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





