Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы жинақтары 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 9,64 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бастап жинақтау 2,8%-ға, бір айда 1,5%-ға артты.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтау сомасы 9,43 трлн теңге болды(жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 209,5 млрд теңгені (барлық жинақтың 2,2%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 млрд теңгені (0,02%) құрады.
«БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (АҚЖ) саны 10,4 млн бірліктен асты.
Бұдан басқа, 2019 жылдың І тоқсанында зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгеболды. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 7,4 млрд теңгені, жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басында 96,9 млрд теңгеге жетті.
«Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңінде алынған таза инвестициялық кірістен 30 млрд теңгеге көп. Соңғы 12 айдағы зейнетақы жинақтарының табыстылығы ұқсас кезеңдегі инфляция 4,8% болғанда 11,5%-ды құрады. Осылайша, зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайыздық тармаққа жоғары болып қалып отыр», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024