Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 899,1 млрд теңгені құрады. Теңгеге номинирленген ақша қаражаты және қаржы құралдары 6 726,3 млрд теңге немесе 67,9%, шетел валютасына номинирленген ақша қаражаты және қаржы құралдары 3 172,8 млрд теңге немесе 32,1% болды. Бұл туралы Ұлттық банкте хабарлады.
Соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың мамырына дейін 5,3% мөлшерінде инфляция кезінде 10,6%-ды құрады.
2019 жылғы мамырда теңгеге номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 89,2 млрд теңгені құрады. Осылайша, 48 млрд теңгеге ҚР Қаржы министрлігінің орташа алынған жылдық 8,7% кірістілігі бар МБҚ; 30,0 млрд теңгеге Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің инфляцияға және сыйлықақыға тең жылдық 1,0% мөлшердегі кірістілігі бар облигациялары; 1,2 млрд теңге сомаға Еуразиялық Банктің орташа алынған жылдық 9,5% кірістілігі бар облигациялары сатып алынды.
Есептік кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
"2019 жылғы мамырда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінде белгіленген талаптарға сәйкес, «Банк ЦентрКредит» АҚ облигациялары бойынша 15,0 млрд теңге сомаға негізгі борышты төлеу жүргізілді, сол сияқты «Еуразиялық Банк» АҚ-тың облигациялары 19,8 млрд теңге сомаға өткізілді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Сондай-ақ, Қор ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі қарызды 1,3 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүргізді.
"2019 жылғы мамырда шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 308,8 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілігі бар АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды... 2019 жылғы сәуірде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісінше 263,4 млрд теңге және 9,6 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ және РФ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борыш өтелді", - деп қосты Ұлттық банкте.
Бұдан басқа, БЖЗҚ «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ-тың 0,4 млрд. теңгеге (0,9 млн доллар) депозитарлық қолхаттарының бөлігі өткізді.
"2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 250,1 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 2,37%-ды құрады", - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024