Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 502,4 млрд теңге болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Теңгемен нөмірленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 432,6 млрд теңгені немесе 67,7%-ды, шетел валютасында нөмірленген– 3 069,8 млрд теңгені немесе 32,3%-ды құрады.
Айта кетейік, БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес сақтауды және кірістілікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.
2019 жылғы ақпанда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 65,3 млрд теңге болды. Шетел валютасындағы инвестиция көлемі 223,0 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, есепті кезеңде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес теңгеде нөмірленген 9,8 млрд теңге, ал шетелдік валютада 84,9 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш өтелді.
Ағымдағы жылдың ақпанында банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеу жүргізілді. Сонымен қатар, 1,7 млрд теңге сомаға (4,5 млн АҚШ доллары) Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының бөлігін және «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-тың 1,2 млрд теңге сомаға (3,1 млн АҚШ доллары) депозитарлық қолхаттарын сату жүзеге асырылды.
2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 25,42 млрд теңгені құрады. Ал зейнетақы активтерінің салымшылардың шоттарына бөлінген кірістілігі 0,13% болды.
Бұл ретте осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,80% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,99%-ды құрады. Бұл аралықта БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 6,19%-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024