Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Candy Crush Saga ойыны Windows 10-ның стандартты ойындарының қатарына қосылды

Candy Crush Saga ойыны Windows 10-ның стандартты ойындарының қатарына қосылды
Candy Crush Saga кәмпиттер басқатырғысы Windows 10 опреациялық жүйесінің стандартты ойындарының қатарында болады. Яғни, үнсіз келісім бойынша аталған ойын жүйеде орнатылады. Бұл жөнінде Microsoft-тың ресми жаңалықтар порталында хабарланды. Candy Crush Saga Windows-тың классикадық ойындарына қосылып жатыр. Яғни, "Сапер" басқатырғысы, "Червы" және "Косынка" сынды пасьянстар секілді міндетті ойындар ішінде. Соңғы Windows 8.1 операциялық жүйесінде бұл ойындарды тек дүкеннен жүктеуге ғана болатын еді. Енді дәстүр қайта жалғанатын болды. Негізі Candy Crush Saga ойыны Facebook әлеуметтік желісі арқылы ойналатын ойын ретінде шыққан еді. Кейіннен Windows Phone, Android, iOS мобильді платформаларына да енді. Бұл ойын "үш қатармен" ойналады. Яғни, ойыншы үш немесе одан да артық бірдей түсті кәмпиттерді басу арқылы ұпай жинайды. Ойынның өзі тегін. Бірақ, қосымша мүмкіндіктері көбірек керек болса, ақылы түрі де бар. Ол жерде жүрістер мен қосымша өмір алу қарастырылған. Google компаниясы 2014 жылдың қорытындысы бойынша аталған ойынды ең үздік деп тапса, Apple болса, iOS-қа арналған ойын қосымшаларының үздігі деп 2013 жылы атаған болатын. Windows 10 2015 жылдың жаз айында шығады. Әзірге нақты қай күні екендігі белгісіз.

Похожие материалы