"Capital Bank Kazakhstan" АҚ иесі - бизнесмен Орифджан Шадиев Қазақстандағы The Royal Bank of Scotland банкінің филиалдық желісін сатып алғандығы туралы мәлімдеді деп хабарлады Capital Bank Kazakhstan баспасөз қызметі.
"Бұл мәміле "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ның қызмет ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді және біздің даму стратегиямызға сәйкес келеді. "RBS Қазақстан" мамандары халықаралық жұмыс тәжірибесіне ие және банктік қызмет көрсетуідің озық үлгілері аясында құзіретті адамдар, осылайша біз өзіміздің барлық клиенттеріміз үшін қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсына аламыз",- деп келтіріледі хабарламада О.Шадиевтің сөзі.
О.Шадиев тарапынан мәміле консультанттары ретінде CMS Cameron McKenna, Sunberg Capital and SSH Tax & Legal Solutions шықты. RBS Group Plc консультанттары – Лондон мен Алматыдағы PwC және Dentons.
Енді мәмілені Қазақстанның Ұлттық банкі мақұлдауы тиіс.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024