Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 2018 жылы 31 мамырда Астанада ТМД және Балтық елдерінің XV облигациялық конгресі басталды. Бұл жыл сайынғы іс-шара Ресей, Украина, ТМД, Кавказ және басқа да дамушы елдердің борыштық нарығындағы мамандарды біріктіреді. Ұйымдастырушы CBonds агенттігі болды. Бұл туралы Astanafindays.org жазды.
Конгресске қатысушылар «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдері - Тим Беннетт, Халықаралық қаржы нарығы ассоциациясының (Astana International Exchange, AIX) басқарма төрағасы және басқарушы директор Темірлан Мұқанбетжанов болды.
Тим Беннетт өз сөзінде капитал нарықтарының Қазақстандағы экономикалық өсуді ынталандыруға көмектесетінін атап өтті: «AIX-тің рөлі - инвесторлар Қазақстанға келіп, қазақстандық компанияларды инвестициялай алатындай етіп өтімділікті қамтамасыз ету және осыған байланысты сауда алаңын қамтамасыз ету. Бұдан басқа, біз инвесторларға сенімділік беретін, қаржы қызметін реттеуші АХҚО-мен бірге нормативтік базаны ұсынамыз. Сондай-ақ, Қазақстанға инвестиция тарту үшін маңызды «өсу нүктесі» - Қытай үкіметінің «Бір белбеу - бір жол» бағдарламасы болып табылады.
Ал, Темірлан Мұханбетжанов АХҚО аймағында тіркелген компаниялар туралы әңгімелеп берді.
«Қазіргі уақытта 13 компания тіркеліп, 25-і тіркеуден өтіп жатыр. Консалтингтік қызметтермен айналысатын 13 компания тіркелген, олар көбіне әлеуетті қатысушыларға лицензия алуға көмектеседі. Басқа компаниялар қаржы технологияларымен айналысады. 3-4 компания жеке тұлғалардың әл-ауқатын және активтерді басқару тұрғысынан қызметтер көрсетуге бағытталған», - деді ол.
Конгресстің басқа да қатысушылары АХҚО-ның перспективалары және оның ішкі нарықтың дамуына әсері туралы өз пікірлерімен бөлісті. ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры Руслан Мейірханов 2019 жылдан бастап ҚМ-нің барлық орналастыруларын АХҚО биржасында жариялайтынын айтты.
«Мамыр айының басында АХҚО Биржасымен келісім жасастық. Ол бойынша 2-3 жыл ішінде барлық ҚМ-нің жергілікті бағалы қағаздарын оның платформасына аударуды жоспарлап отырмыз».