Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда «Алмалы» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау іс-шарасы өтті. Бұл пәтерлердің иелері ЦентрКредит Банкінің «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит ресімдеген клиенттері болды.
Іс-шараны қала әкімі Бауыржан Байбек ашты. Пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау іс-шарасына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та қатысты.
«7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасын ҚР Ұлттық Банкі бекіткен. Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-ды құрайды. Ипотекалық қарызды төлеу мерзімі – 25 жылға дейін.
«Бүгін дәл біздің Банктің клиенттерінің қоныс тойын тойлап жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Бұрынғыдай, біз қазақстандықтардың өмірін ыңғайлы әрі жайлы етуге тырысып келеміз. Бүгінгі күннің қаһармандарына денсаулық және жаңа пәтерлерінің жаңа отбасылық қуаныштарға тола беруін тілеймін. Өз баспанасының иесі болайын деп жүрген, бірақ кредиттеу бағдарламасын әлі таңдамаған жандар да олардан үлгі алатынына сенімдімін», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Галим Хусаинов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024