
Алматы. 21 қазан. 7kun.kz - ЦентрКредит банктің басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов қызметінен кетіп, орнына Руслан Владимиров келеді, деп жазды қазақстандық БАҚ.
Қазақстандағы іскерлік БАҚ-ның жазуынша Құсайынов Bereke Bank-тің басқарма төрағасы болып тағайындалуы мүмкін. Ал Владимиров бұған дейін ЕСО CenterBank-ті басқарған еді.
БЦК баспасөз қызметі әзірге бұл ақпаратты растамаған.
Айта кетейік, БЦК Альфа-Банк Қазақстанды сатып алып,
атауын Eco Center Bank деп өзгерткен еді. Қыркүйектің басында екі банктің бірігуіне байланысты, Eco Center Bank жұмысын тоқтатты.
Қыркүйек айында "Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алып, ребрендинг жасады. Bereke Bank аталатын қаржы институтын бұған дейін Нұрсұлтан Тасқаранов басқарып келген еді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025