Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цеснабанк Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Цеснабанк Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Ербол Орынбаев "Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Б. Жәмішев ҚДБ-ін 2014 жылдың тамыз айынан бастап басқарады. Әр жылдары қаржы, өңірлік даму министрлігін басқарды, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы болды.

Е. Орынбаев Премьер-Министрдің орынбасары, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарды.

"Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы: Шигео Катсу - Директорлар кеңесінің (ДК) төрағасы; Ербол Орынбаев - ДК мүшесі; Болат Жәмішев - тәуелсіз директор; Евгений Пан - ДК мүшесі; Дәулет Қабылбаев - тәуелсіз директор.

Белгілі болғандай, Назарбаев университетімен үлестес қазақстандық First Heartland Securities брокерлік компаниясы 6 ақпанда "Цеснабанк" АҚ жай акцияларының 99,5% бақылау пакетіне ие болды.

2018 жылдың күзінде "Проблемалық несиелер қоры" АҚ Цеснабанк-тен 604 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алды.

Ұлттық Банктің мәліметтері сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Цеснабанк Қазақстанның 28 банкі арасында активтер көлемі бойынша 4-ші орынды иеленді.

Похожие материалы