Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цеснабанк қолма-қол ақша беруге арналған уақытша шектеуді алып тастайды

Цеснабанк қолма-қол ақша беруге арналған уақытша шектеуді алып тастайды

Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz - Цеснабанк қолма-қол ақша беруге арналған уақытша шектеуді жақын уақытта алып тастайды. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Белгісіз жағдайларға арналған жоспар біздің банктің төлем қабілетін қолмен басқаруға көшуімізді қарастырады. Осыған байланысты кейбір филиалдарда бір клиентке екі апта ішінде қолма-қол қаражат беруге уақытша шектеу қойылды. Қазір банк басшылығы осы жоспарға сәйкес жұмыс істеуде", деген банк басшысы алдағы күндері шектеуді алып тастайтынын хабаолады.

У.Вокурканың айтуынша ол банкті басқаруға тағайындалған кезде банкте "ерекше жағдай" болған.

"Жасанды дүрлігіс туындап, депозиттерін шешіп алуға үгіттеген жалға ақпарат тарады. Бұл біздің банк жұмысының әдеттегі жұмысына кедергі келтірді. Біз төтенше жағдайда жұмыс істеуге көштік. Кез-келген банкте мұндай жағдайға арналған жоспар болады. Біз сол жоспарды іске қостық. Қазір жағдай тұрақты, клиенттердің сұранысын өтеп отырмыз", деді ол.

Оның айтуынша жағдай тұрақты. 1-26 қыркүйек аралығында заңды және жеке тұлғалар банктегі жалпы депозит көлемінің 10% қайтарып алған.

Айта кетейік, әлеуемттік желіде соңғы екі аптада Цеснабанк бөлімшелерінде қолма-қол ақша беруге шектеу қойылғаны туралы ақпарат таратаған еді. Сондай-ақ, S&P 18 қыркүйекте Цеснабанктің кредиттік рейтингін "В+" деңгейінен "В" деңгейіне түсірді.

Бұдан кейін Үкімет пен Ұлттық банк аграрлық сектор мен Цеснабанктің тұрақтылығын көтеруге аранлған сауықтыру механизмін бекітті. Мемлекет қаржы институтынан аграрлық салаға берген 450 млрд теңге көлеміндегі валюталық кредитті сатып алуға ниет білдірді. Ал акционерлері капиталын 40 млрд теңгеге арттыратынын хабарлады.

Цеснабанк агросаланы қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдауға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасының белсенді қатысушысы.Агросаладағы кредиттендіру бойынша банктің үлесі 65% .

 

Похожие материалы