Өзінің арандатушы материалдарымен танымал болған Charlie Hebdo журналы тағы да ел ішінде шу шығарды. Бұл жолы отбасымен бірге Грекияға қашпақ болған кезінде суға батып кеткен сириялық сәбидің карикатурасы жарияланды деп хабарлайды The Daily Mirror.
Басылымның хабарлауынша, журналға теңіз жағасында құмның үстінде бетімен жатқан өлі сәби бейнеленген. Оның астында: «Мақсатқа аз ғана қалғанда» деген жазу бар. Жанында жедел тамақтану орнындағы жарнамада: «Бір бағамен екі балалар мәзірі» делінген. Екінші карикатурада "Еуропа христиандар мекені екенінің дәлелі" деген жазу бар. Суретте су үстінде тұрған Иса пайғамбар мен жерде бетімен жатқан өлі сәби бейнеленген. Оның астына мынадай сипаттама берілген: «Христиандар сумен жүреді, мұсылман балалар суға батады». Әлеуметтік желі қолданушылары едәуір наразылық танытып жатыр. Интернетте журналдың "әлсіздерді ғана аңдумен айналысады" деген пікір тарауда. Осыған дейін Charlie Hebdo Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жария еткен еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024