Chevron корпорациясының Украинадағы өкілдігі «Шеврон Юкрейн Б.В.» Украинадағы қызметін тоқтатады. Бұл туралы компанияның хабарламасына сілтеме жасай отырып, УНИАН хабарлайды.
Үкіметтің мәліметінше, мұндай шешім 2015 жылдың 2 шілдесінде «Шеврон Юкрейн Б.В.» директорлар кеңесінде қабылданған. Басқа да ақпарат таралған жоқ. Америкалық компанияның Украинадағы кен орнындағы жобадан шығатындығы туралы хабарлама 2014 жылдың соңында таратылған еді. Бұл туралы Украина президенті әкімшілігінің бұрынғы бөлім басшысы Валерий Чалый мәлімдеді. Бірақ Chevron мұндай ақпаратты уақытынан бұрын айтылды деген еді. «Шеврон Юкрейн Б.В.» компаниясы және "Надра Олесская" ЖШС (90 пайызы "Надра Украина" мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі) 2013 жылдың 5 қарашасында Олесска алаңындағы көмірсутектер өндірісінінің өнімдерін бөлу туралы келісімге қол қойды. УНИАН мәліметінше, Chevron елдің батыс аймақтарындағы көмірсутектерді өндіруге 10 млрд доллар салмақ ниетте болған. Ол жерден сланцты газ шығару жоспарланған. Chevron АҚШ-тың ExxonMobil энергетикалық компаниясынан кейін екінші орында тұрған әлемдегі екінші компания. Компания әлемнің түрлі аймақтарында мұнай өндіреді. Оған мұнайөндіруші кәсіпорындар тиесілі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024