Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Chocofamily холдингі Қазақстанның ірі Aviata.kz және Chocotravel.com тревел-сервистеріндегі үлесін 100%-ға дейін ұлғайтты.
Aviata.kz негізін қалаушылар Алексей Ли мен Евгений Матвеев өз акцияларын сатты. Мәміле сомасы жарияланбады.
Енді олар өз жобаларын дамытуға және стартаптарға қаржы салуға назар аударады.
"Біріктірілгеннен кейін мен бақылау кеңесінің мүшесі ретінде корпоративтік басқаруға қатыстым. Компания бірігу кезеңінен сәтті өтті және ай сайын тұрақты өсуді көрсетеді. Сондықтан, мен таза ар-ожданыммен қазіргі уақытта co-CEO және инвестор ретінде жұмыс істейтін компанияның дамуына көңіл бөле алатындығымды түсіндім - соңғы жылы Arbuz.kz жаңа буын супермаркетін белсенді түрде дамытып келемін", - деп түсіндірді өзінің жобадан кетуін Алексей Ли.
Холдингтің мәліметінше, 1,5 жыл ішінде біріккен тревел-компания айналым көлемін айына 8 млрд теңгеге дейін 2,7 есеге арттырды. Сервис арқылы ай сайын 330 мыңнан астам әуе және теміржол билеттері сатылады.
«Бұл мәміле бізге тревел-сервистерді Choco экожүйесіне толықтай интеграциялауға мүмкіндік береді. Біз осы келісімнің мақсаттары үшін Мұрат Әбдірахманов, Айдын Рахымбаев және Тимур Турловтың рекордты қосымша раундтарын тарттық және инвесторлардың компанияға оның стратегиялық мақсаттарына жету үшін қажетті капиталды жылдам ұсынуға дайын екендігіне қуаныштымыз", – деп хабарлады холдинг басшысы Рамиль Мухоряпов.