Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Christie's 2014 жылы жаңа сатып алушылардың арқасында сауда рекордына ие болды

Christie's 2014 жылы жаңа сатып алушылардың арқасында сауда рекордына ие болды
Christie's аукциондық үйінің жылдық ақшалай түсімі жаңа сатып алушылар мен қымбат топтамалардың арқасында 2014 жылы рекордтық дәрежеге жетті деп хабарлайды Financial Times. Лондонда орналасқан аукциондық үй сейсенбі күні сауданың 2014 жылы 17%-ға -  $8,4 млрд-қа жеткен. Аукциондағы сатылым $6,8 млрд құрады, соның ішінде $2,8 млрд соғыстан кейінгі және қазіргі өнердің топтамаларынан түсті. 2014 жылдың қарашасында Нью-Йоркте өткен Christie's аукционы $852,9 млн  жинаған. Бұл арт-нарықтың тарихындағы болмаған сумма. "Рекордттық сатылымдар тек қана мамандарымыз жұмыс жасайтын консигнация сапасының белгісі ғана емес, - дейді төрайым әрі атқарушы директор Патриця Барбизэ. – Сонымен қатар, үш бағытты қатар алып жүру – аукциондағы сауда, жабық сауда және интернет-сауда арқылы біз үлкен дәрежеге ие болып отырмыз". Интернет-сауда 60%, $35,1 млн, ал жабық сауда - 26%, $1,5 млрд-қа өсті. Бірақ, аталған екеуі де дәстрүлі акуциондық бағыттан басып оза алмайды. 2013 жылмен салыстырғанда өсімнің аздап төмендегіне қарамастан, әрбір секторда даму бар. Саудадан түскен қаражаттың 30%-ы жаңа тұтынушылардың есебінен болған.  38% сауда мен жаңа тұтынушылар Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, және осы Christie's-тің дамуының басты факторы болып қала береді. Аукциондық Christie's үйін 1998 жылы $1,2 млрд-қа Artemis холдингі сатып алады, оның иесі француздық миллиардер Франсуа Пино. Christie's саудадан түскен ақшасының есебін жылына екі рет жария етеді, бірақ табысын ашып айтпайды.

Похожие материалы