Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Алматы қалалық филиалында ҚР Ұлттық Банкінің және ««Баспана» ИҰ» АҚ-тың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Баспана хит» бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық тұрғын үй қарызы берілді.
«Біздің «Баспана» компаниясымен бірге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру бойынша сәтті тәжірибеміз бар. Жаңа бағдарлама қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейте түсті. Себебі «Баспана хит» бағдарламасы бастапқы нарықта, сондай-ақ қайталама нарықта пәтер таңдауға мүмкіндік береді. Бірлесіп іске асырып жатқан бағдарламамыздың маңызы зор болатынына сенімдімін», – деп атап өтті ЦКБ-нің Басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.
Екі бөлмелі пәтер алуға Банкте кредит алған алғашқы клиент Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің HR-директоры Әсел Дюсетаева болды.
«Құжаттарды ресімдеуді қосқанда, кредит алуға бар болғаны үш сағат кетті. Мәмілені мерекеден кейін рәсімдегім келіп еді, бірақ банктің менеджерлері менің жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы ала алатыныма көзімді жеткізді. Солай болды да. Шапшаңдығы мен кәсібилігі үшін ЦентрКредит Банкінің қызметкерлеріне ілтипатымды білдіргім келеді», - дейді Ә. Дюсетаева.
Айта кетейік, ипотекалық қарыздар 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна бастапқы нарықта сатып алатын пәтер құнының кемінде 20%, ал қайталама нарықта кемінде 30% құрайды. Сатып алатын пәтер қарызды қамсыздандыру ретінде қабылданады. Сатып алуға болатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 25 млн теңге, қалған өңірлерде 15 млн теңге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024