Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанда ақпараттық қауіпсіздік бойынша Cyber & Digital Security 2019 конференциясы басталды, - деп хабарлайды 7kun.kz.
Астана Экономикалық Форумының аясында өтіп жатқан бұл конференцияның жетекшілігі - Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде.
Қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша әлі өршіп тұр. Және қорғанудың әмбебап әдісі әзір табылмайтын сыңайлы. Қауіптер түрленіп, алуандығы мен күрделілігі IT инфраструктурасы бар мемлекеттерден бастап, компанияларға дейін қорғаныс әдістерін ұдайы жетілдіріп отыруға мәжбүрлеп отыр.
Конференцияның спикерлері осы проблема айналасында әңгіме өрбітпек.
Конференцияны ашқан Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек еліміздің киберқауіпсіздік жөнінен жаһандық көрсеткіші өткен жылдан бері жақсарғанын атап өтті.
Оның айтуынша, әсіресе мемлекеттік сектордағы қауіптерге шұғыл жауап беру жұмысы біршама жетілді.
Айта кетейік, Қазақстан - цифрлық технологияларды дамыту бойынша аймақтағы үздік елдердің бірі. Жақында жаһандық киберқауіпсіздік бойынша 40-орынға көтерілді.
Жиынға қатысқан Халықаралық электр байланысы одағының ТМД бойынша өкілі Кирилл Опарин де өз сөзінде мұны мақұлдады. Форум кешке дейін жалғасады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024