Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz - Малайлық Ғылым, технология және инновациялар министрлігі жанындағы Ұлттық киберқауіпсіздік орталығының бас директоры доктор Амируддин Абдул Вахаб жоғары технологиялардың өзара будандасуына шүйлікті.
Оның айтуынша, IoT (заттар интернеті) киберқауіпсіздік шүйлігетін басты бағыт болуы керек. Себебі - өзара байланысқан миллиондаған жабдықтар тұрмыстан бастап, ақпараттық қауіпсіздікке дейін нұқсан келтіруі мүмкін.
Малай елі 2006 жылы-ақ ұлттық ақпараттық қауіпсіздік стратегиясын қабылдаған екен. Ол қорғаныс саласынан бастап, айналымда жүрген ақпараттық технологияларға дейін қамтиды.
Сонымен бірге - келбет тану технолониялары, ақылды қала концепциялары да мемлекеттік деңгейде назарға алынған тақырыптар.
Бұларды жүзеге асыру барысында халықаралық ISO стандтарттарына сәйкестікті де ұмытып кетпеу керек. Бұған осы ұйымның зертханаларында тақырыптық зерттеулер жүргізіледі.
Зерттеулердің ішінде - кибершабуылдардың симуляциясы сияқты профилактикалық ойындар бар.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024