Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz - Нұр-Сұлтан қаласында киберқауіпсіздік жөніндегі Cyber & Digital Security 2019 конференциясы жалғасуда.
Конференцияда сөз алған Польша Республикасының кәсіпкерлік және технология министрлігі вице-министрі Тадеуш Кошчиньский Польшаның цифрлану қарқыны Еуропада жоғары көрсеткішке ие екенін атап өтті. "Поляктар цифрланудың кәдімгідей ыңғайлы екенін сезіне алды",- дейді ол.
Шенеуніктің айтуынша, поляктар да цифрлық технологияларға алғашында сенімсіздікпен қараған және ондайлар әлі бар. Бұл көрініс дамушы елдердің барлығына тән екен.
Оның айтуынша болашақта өндірістегі мамандықтардың 90% жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан цифрлану үрдісінде ұстамдылық таныту керек. Ол мәселені поляктар қазір арнайы зерттеп жатыр екен.
«Киберқауіпсіздік пен цифрлану саласында білімді ұдайы жетілдіріп отыру ғана көмектеседі», - деді ол.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024