Қазақстанның ұлттық банкі айырбас курсының бірден әлсіреп немесе нығайып кетуіне жол бермейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта теңге паритеті курс көрсеткіші бойынша ресей рублімен тең түсіп отыр. "Біз 2014 жылы мұнай бағасы мен ресей рублі құлдырағанға дейінгі деңгейге жеттік. Алдағы уақыта курстың өзгеруіне еш негіз жоқ. Барлық қиын жағдайлар болып қойды. Яғни мұнай бағасы екі есе арзандаған соң, рубльде құлдырады. Алдағы уақытта сыртқы жағдайларға байланысты әлсіреулер болмайды деп есептеймін", – деді ол. Ұлттық банк басшысының сөзінше, реттеуіштің алдағы уақыттағы жұмысы курстың қалыптасу процесімен байланысты болады. "Біз маңызды трендтерге араласпаймыз, курс мұнай бағасына байланысты өзгереді. Алайда біз айырбас курсының бірден құнсызданып кетуіне және әлсіреуіне немесе нығайып кетуіне жол бермейміз. Бұған қатысты бізде барлық мүмкіндік бар. Қоғамға нарықтағы жағдайды түсіндіріп отырамыз", – деді Ұлттық банк басшысы. Фото: nur.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024