Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз және телевизиялық БАҚ редакторларымен кездесті.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев кездесуге қатысушыларға Қазақстандағы қаржы нарығындағы жағдай туралы, оның ішінде инфляциялық процестерге және валюталық бағамға әсер ететін факторлар туралы хабарлады.
«Ұлттық банк тұрақты негізде нарыққа қатысушыларға және халыққа Ұлттық банктің қызметі және ол қабылдап жатқан шаралар туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. БАҚ-пен барынша тиімді жұмыс істеу үшін, сондай-ақ ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету жұмысының шеңберінде Ұлттық банк коммуникациялық байланыстарды нығайту бойынша жүйелік жұмысты жүргізеді. Біздің қызметіміз ашық. Біз өзара іс-қимыл және барынша тығыз байланыстарды реттеу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен кері байланыс орнатудың маңызды құралы ретінде, осындай кездесулердің практикасын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Д. Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы кездесуді журналистерге кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының жұмысын таныстырумен аяқтады.
Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024