Экономика
Д.Ақышев: Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бағасы ұлттық валютамен көрсетілуі керек
Қазақстандағы тауарлар мен қызметтердің бағасын ұлттық валютамен көрсетуді жүзеге асыру керек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, экономиканы долларсыздандыру ісін жалғастыруымыз керек. Үкімет пен Ұлттық банк осы бағытта жұмыстарды бастап кетті. Теңгенің маңыздылығын артыруды тек экономикамен ғана байланыстырмай, басқа іс-қимылдар арқылы реттеген жөн. Мысалы, тауарлардың бағасын белгілеуді және оны көрсетуді ұлттық валюта арқылы жүзеге асыруымыз керек", - деді ол Үкімет отырысында. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Ұлттық банкпен біріге отырып экономиканы долларсыздандыру үшін мемлекеттегі құнды қағаздарды, биржа саудасын реттеуді және жарнама нарығындағы қызметтер мен тауарлар бағасын теңге арқылы жүзеге асыру шаралары қабылданатынын атап өтті. Фото: rgmedia.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024