Қазақстанда ең табысты бизнестің бір түрі – той-бизнес. Өнер әлеміндегі «жұлдыздар» - әнші, биші, күйші, ақындардың көпшілігі шоу-бизнес деген ұғымды той-бизнеске айырбастағалы біраз болды. Мұны өнер адамдарының өздері де жасырмайды.
Сарапшылар Қазақстанда той-бизнестің жылдық айналымы 5-10 млрд теңге аралығында екендігін айтады. Бір ғана Алматының өзінде 250-ге жуық Event агенттіктер жұмыс істейді екен. Бұған жеке той ұйымдастырушылар мен ресейлік агенттіктерді қосыңыз. Осылардың салдарынан ба, той-бизнес саласында жыл сайын қызмет көрсететіндер саны көбеюде. Бәсекелестік те артқан. Тиісінше, тойда қызмет көрсету сапасы да түрленіп, артып келеді.
Той-бизнес онлайн арқылы
Ел экономикасындағы дағдарыс әсер ете қоймайтын бірден-бір сала - осы той-бизнес. Мейрамханадағы мерекелер саны азайған жоқ. Бұл кәсіпті одан әрі тиімді жұмыс істету үшін жаңашылдыққа жол берілуде. Енді той ұйымдастырушылар онлайнда да белсенді жұмыс істей бастады. Жақында Forbes басылымы toibiznes.kz деген сайт іске қосылғанын хабарлады. Қазақстандықтар жаңа жылдық корпоративтен бастап, мерейтой, үйлену тойларына дейін ақшасын шашып тұрып, ерекше күнін елеулі етіп жасағанды жақсы көреді. Той жасаудың әлегіде көп екені түсінікті. Алайда елімізде осы уақытқа дейін барлық керекті қызмет көрсету түрлерін бір жерден табатын алаң болмаған. 2015 жылдың қазан айынан бастап көп функционалды TOi BiZNES.KZ порталы ашылды. Ол ойын-сауық саласындағы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету түрлерінің барлығын ұйымдастырып, онлайн арқылы тапсырыс беруге қолжетімділікті арттырады.
TOi BiZNES.KZ - мереке өткізу үшін ресторандар, банкеттік зал, сұлулық салондарды, гүл сататын магазиндер, киім-кешек дүкендерін түгелімен қамтыған сайт. Қай шара сізге керек , сол айдарды басып қалсаңыз болғаны, керек қызметтердің барлығы шыға келеді. Рестораннан ресторан, ұйымдастырушыларды іздеп шаршап-шалдыққанның орнына енді үйде отырып-ақ, онлайн арқылы бар қызмет түрлерін көріп, таңдау мүмкіншілігіңіз бар. Пайдалы әрі тиімді бұл порталға әртістер, фотографтар, жүргізушілер, бишілер де өзі туралы мәліметтерін қалтырып қоюына болады. Сайтқа салынатын жарнаманың жариялау құны аптасына 100 теңге немесе жылына 5 200 теңге тұрады. Әзірге портал тек Алматы мен Астана қалаларындағы шараларды қамтыса, алда бүкіл Қазақстанды қамтитын болады. Сонымен қатар мобильді қосымшасы да әзірлену үстінде.
Тойдың көркі - тамада
Елімізде тілашар, тұсаукесер, сүндет той сияқты тойларды қоспағанда жыл сайын 160 000 шаңырақ көтеріледі екен. Жыл сайын 150 000 мыңға жуық той және дәл осынша асаба қызметі қажет. Тамадалық кәсіп те қысқартуға ұшырай қойған жоқ. Той көбейген осы саланы меңгеруге тырысатын "өнерлілер" қатары да көбейе түсуде.
Болып жатса тойыңыз, хабарласып қойыңыз
«Ең қымбат» асабалар тізімінде көш бастап Тұрсынбек Қабатов тұр. Той ұйымдастырушыларының айтуынша, Тұрсынбектің тойыңызға асаба болуын қаласаңыз кем дегенде жарты жыл бұрын жұмыс кестесіне жазылып қоясыз. Тойдан алатын еңбекақысы 5-8 мың долларға дейін. Басқа қалаларға шақыртсаңыз жол ақысы мен қонақүй нөмерінің ақысы да сіздің мойныңызда болады.
Келесі кезектегі көптің сұранысындағы асаба - Азамат Сатыбалды. Оның есімі теле кеңістікте ғана емес, той-бизнесте де сұранысқа ие. Азамат Сатыбалдыны тойыңызға сатып алғыңыз келсе 3-5 мың долларыңыз болуы керек.
Тука немесе Қошанды өз тойларында көргісі келетіндер аз емес. Халықтың жүрегінен әзілімен орын тапқан актер, асаба Нұржан Төлендиевтің тойдағы қызметақысы да 3-5 мың доллар аралығында.
Ары қарай кезекті Жанатбек Бәйтеков, Рахман Омар, Ринат Заитов, Ерлан Біләл сынды асаба қызметін қатар алып жүрген талантты азаматтар жалғастырады. Олардың тамадалық қаламақысы 2-4 мың доллар көлемінде екен.
Ал 1000 доллардан артық бере алмаймын десеңіз тойыңызға Болатбек Оразбай, Аман Тасыған сынды тамадаларды шақыра аласыз.
Танымал асаба тойыңызды басқару үшін «ақшасын төлесек болғаны» деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың сыйақысымен қоса, «еркеліктерін» де көтеруіңіз яғни "райдерлерін" орындауыңыз шарт. Райдер –өнер саласында жүрген әншілер мен әртістердің ұйымдастырушыларға қойған талабы мен тілегі. Біз танымал тамадалардың басты талаптарын топтастырып көрдік. Оларға алып беретін ұшақ билетіңіздің тек бизнес-класс болуы, күтіп алардағы машинаңыздың джип маркалы болуы, сонымен қоса тұрғызатын қонақүйлеріңіздің бес жұлдызды болуы керек екен.
Жұлдыз Ерік "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024