Тәжікстанның Душанбе қаласында жарнамалық билбордтар саны күрт кеміп, жарнама беру құны 75%-ға төмендеген. Кей дерек бойынша, қаладағы жарнама тақталарының жартысы бос тұр, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Sky Central Asia/Tajikistan компаниясының директоры Шерали Джурабоевтың сөзінше, 2011 жылға дейін бір ғана мобильді байланыс операторлары мемлекеттік телеарналардың қазынасына жарты миллион АҚШ доллары көлемінде табыс әкелген. Енді бұл компаниялар жарнамаға кететін шығынды азайтып, қызметтерін арзанға түсетін интернетте жарнамалауға көшкен.
Forex компаниясының директоры Азамат Зикириёев дағдарыс салдарынан сауда көлемінің кеміп кеткенін, барлық компания мен ұйымдардың бюджеті қысқарғанын айтады. «Дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Біз қызметкерлерімізге жарнама берушілердің саны азайғандықтан табыс пен еңбекақы көлемінің төмендеуі мүмкін екенін ескертуге мәжбүрміз», - дейді ол.
Бүгінде Душанбеде сыртқы жарнама қызметімен тек 5-6 ірі жарнама компаниясы ғана айналысады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024