Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Daimler 2021 жылдан бастап электрофурларды жасап шығарады

Daimler 2021 жылдан бастап электрофурларды жасап шығарады

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Daimler компаниясы Штутгардта (Германия) өткен пресс-конференцияда жаңа ауыр Actros электрофурларының суреттерін көрсетті, деп мәлімдеді hi-news.ru.

Электрлі жүк көліктері жаппай қолданысқа үш жылдан кейін беріледі. Жүк көлігі 18-25 тоннаға дейін таси алады. Толық қуатталғаннан кейін 200 км-ге дейін жүре алады.

Жүк көлігі екі электр қозғалтқышымен жабдықталатын болады. Жалпы қуаттылығы 250 кВт, қос аккумулятор сыйымдылығы 240 кВт. Тоқпен қуаттау циклі 3-11 сағатты құрайды.

Компания өкілдері бұл жүк көліктері қала маңына көшуге, орын ауыстыруға ыңғайланып жасалынатынын атап өтті. Айта кетейік, бұдан бұрын компания жүк көлігін 2020 жылы ұсынады деп жоспарланған болатын. Алайда бір жыл кейінге қалдырылатын болды. Жаңа электрожүк көліктерінің бағасы әзірге белгісіз.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы