Тараз. 4 маусым. 7kun.kz - Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) және Таза технологиялар қоры бірігіп, Қазақстанда құны 80 млн еуродан асатын ең ірі күн электр станциясының құрылысын қаржыландырады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
"Жобалық қаржыландыру тетігі алғаш рет қолданылатын осы жобаны іске асыру үшін ЕҚҚДБ 14,06 млрд теңге (70 млн еуро) көлемінде несие ұсынады, ал Таза технологиялар қоры - 13,8 млн еуро", - делінген хабарламада.
Борышкер болып шығатын "Бурное Солар-1" ЖШС - Samruk-Kazyna United Green LLP біріккен Қазақстан-британ кәсіпорнымен құрылған жобалық компания.
Біріккен кәсіпорынның иелері - United Green Energy Limited британдық корпорациясы және "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС Қазақстанның Ұлттық әл-ауқат қорының инвестициялық құрылымы.
"Бурное-Солар" жобасы бойынша жұмыстар 2014 жылы жаңғырмалы энергия көздерінің пайдаланылуын қолдау туралы заң қабылдағаннан кейін басталған болатын.
"Бурное-Солар" энергия жетіспеушілігі байқалатын Жамбыл облысында, Батыс Еуропа - Батыс Қытау автожолына жанасатын аймақта орналасқан. Жоба отандық және еуропалық мердігерлердің күшімен жүзеге асырылып жатыр, бұл елге заманауи технологиялардың ендірілуіне септігін тигізеді. Жобаның салық төлемдері жергілікті бюджетке есептелінеді.
"Бурное-Солар" станциясының қуаты - 50 МВт.
"Мұнда Қазақсандағы өнеркәсіптік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясы туралы, баламалы энергия қуаттарында жұмыс істейтін және жеке инвесторларға тиесілі компанияларды ашып отырған алғашы ел туралы және жаңғырмалы энергетикаға құйылатын жеке инвестицияларды арттыру мүмкіндігін тудыратын жобаларды жобалық қаржыландырудың жаңа құрылымын пайдаланудың алғашқы тәжірибесі туралы айтып отырмыз", - деп келтірілген хабарламада ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабартидің сөзі.
2015 жылы ЕҚҚДБ Қазақстандағы өз инвестицияларының жылдық көлемін қайтадан арттырмақ. Өткен жылы инестиция көлемі рекордтық 700 млн долларға жеткен-тін. ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға берген несиелерінің жалпы сомасы 7 млрд теңгеден асып түседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024