Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - «Даму» Қоры бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған «Асылдар» атты жаңа жобасын іске қосты. Жоба бойынша шағын және орта бизнеспен айналысатын 15 компанияға диагностика жүргізеді. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Асылдар» жобасы шағын және орта кәсіпорындарға диагностика жасап, бизнестің ақсап немесе көш бастап келе жатқан тұстарын анықтайды. Сонымен қатар, компанияның дамуын тежеп тұрған мәселелерді табуды көздейді. Жобаға қатысушыларға диагностика қорытындысы бойынша Жол картасы мен іс-әрекет жоспары жасалады. Одан бөлек, сараптамалық консалтинг, тренингтік қолдау, шет елдік миссия мен қаржылық демеу алу үшін ұсыным-пікір дайындалады.
«Бизнеске қолдау көрсетуге арналған «Асылдар» – қанатқақты жоба. Біз осы саладағы шет елдік тәжірибелерді ескере келіп, «Корей республикасы ШОБ дамыту корпорациясының» озық тәжірибесіне сүйенуді жөн деп таптық. Елдің ішкі жалпы өнімінің сүбелі тұсын шағын және орта кәсіпкерлік құрайтыны белгілі. Біз сондай-ақ шағын және орта бизнесіміздің бәсекеге қабілетті болып, белсенді дамығанын қалаймыз. Осы мақсатта кәсіпорынның барлық «кеселін» анықтап, Дамудың жол картасы секілді емдеуге қажетті «рецепт» жазып беретін, жоспар жасап, семинарлар мен тренингтер өткізіп, шет елдің маңдайалды кәсіпорындарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жоба дайындалды. Мұның барлығы өндірістің тиімді жұмыс істеуіне, қызметтің өзіндік құнын төмендеуіне, сапасы мен өзі-өзі ақтау қасиетін арттыруға алып келеді»,-деді «Даму» Қорының Басқарушы директор-басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков.
«Асылдар» жобасы туралы толық ақпаратты білу үшін өтіңіз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024