Выбор редактора
«Даму» қоры мен Астана әкімдігі кәсіпкерлерді қолдауға 1,5 млрд теңге бөлді
Астана. 30 наурыз. 7kun.kz - «Даму» қоры мен Астана қаласының әкімдігі «Астана-Бизнес» пен «Астана Startup» бағдарламаларына паритетті түрде 1,5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Казкоммерцбанк» АҚ қазір 250 млн теңге сомасындағы бірінші траншты алып қойды. 250 млн теңгені құрайтын екінші транш жақын уақытта бөлінеді. Қалған 500 млн теңге шамамен «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ арасында бөлінеді.
Қаржыландыру талаптары:
- Кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі жылына 8,5% болады.
- Қарыз 100 млн теңгеге дейін беріледі.
- Несие франшиза лицензиясын сатып алуға салалық шектеусіз беріледі. Сондай-ақ негізгі жабдықтарды сатып алу мен жаңартуға, жеке сауда үшін айналым қаражатын толықтыруға (автокөлік және мотоциклдардан басқа), мейрамхана бизнесі мен дайын тамақты жеткізіп беру салалары үшін беріледі.
- Несиелеу мерзімі – франшиза салу үшін 7 жылға дейін;
- Негізгі жабдықтарды сатып алу мен жаңартуға 7 жылға дейін;
- Айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін беріледі.
«Астана Бизнес» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер кепілзаты жетпеген жағдайда «Даму» Қорының кепілдемесін алуға өтінім бере алады.
Сондай-ақ «Даму» Қоры мен Астана қаласының әкімшілігі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін «Астана Startup» бағдарламасына паритетті негізде 500 млн теңге бөлді.
Қаржыландыру талаптары:
- Кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі жылына 7,9% болады.
- Қарыз 50 млн теңгеге дейін беріледі.
- Қарыз негізгі жабдықтарды сатып алуға және жаңарту мақсатында 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін беріледі.
- Бұл бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер кепілзаты жетпеген жағдайда «Даму» Қорының кепілдемесін ала алады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024