Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - «Даму» Қоры Азия даму банкінен микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін $200 млн тартады.Мұндай шешім «Даму» Қорының директорлар кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Азия даму банкінің несиесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі аясында беріледі. АДБ қаражаты ұлттық валютада беріліп, микро, шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары арқылы босатылады. Екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары арқылы берілетін несиелер негізінен негізгі құрал-жабдықтар алу және жаңарту, төлеп жатқан несиелерін қайта қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыруға бағытталады. Бір борышкердің қолына екінші деңгейлі банк арқылы 1,080 млрд теңгеге дейін, микроқаржылық ұйым арқылы 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржы беріледі. Нәтижесінде шамамен 2 850 МШОБ субъектілері қаржыландырылып, олар бюджетке шамамен 60,5 млрд теңге салық төлейді деп болжанып отыр. Сондай-ақ бұл кәсіпкерлер 2 280-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашып, кем дегенде 451 млрд теңгенің өнімін шығарады деп көзделген. Болжам бойынша кәсіпкерлер несиенің есебінен 21,6 млрд теңгеге құрал-жабдықтарын жаңартып ала алады.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024