Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz -«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Абай Сарқұлов 1981 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік Университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында валюталық операциялар жөніндегі менеджерліктен бастаған. 2006-2007 жылдары «Алма-Ата» Халықаралық банкі» АҚ филиалы директорының орынбасары міндетін атқарған. 2007 жылдан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызмет атқарады. ҚДБ-де жобаларға несие беру департаментінің менеджері, бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция басшысының орынбасары және Жобалық дирекция басшысы, Басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2014 жылдың 19 шілдесінен бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.
Еске салайық, бұған дейін қорды басқарған Қаныш Тулеушин 5 қаңтарда өз еркімен қызметінен кеткен еді. Ол мұның себебін шетелде білім алуды жоспарлағанымен түсіндірген. Ақпанның 3 күні экс-төраға Массачусетс технологиялық университетіне МВА бағдарламасы бойынша оқуға қабылданғаны туралы жазды.
Абай Сарқұловтың басқарма төрағасы болып тағайындалатыны туралы 23 ақпан күні белгілі болған. Оған жақын сенімді дерек көзі 7kun.kz-ке «ол шынымен қор басшысы болып тағайындалды, бұл туралы ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады» деген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024