2016 жылы «Даму» қоры желісі бойынша 1,5 мыңнан кем емес ШОБ кәсіпкеріне субсидия жасалады, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
«2016 жылы мемлекеттік қолдау шаралары арқылы қолдау көрсетілетін кәсіпкерлердің саны 2016 жылы ұлғаятын болады. 1,5 мың жоба қаражаттандыру және 1,5 мыңнан астам кепілдік қамту жұмыстары әкімдіктермен бірге біздің серіктес банктермен бірлесіп жүзеге асырылады», - деді Л.Ибрагимова.
Сонымен қатар, ол 2016 жылы бөлінетін ресурстардың жалпы көлемі толық көлемде қалатынын айтып өтті.
«Біз субсидиялау құралдарын дамыту үшін 28 млрд теңге қаражат аламыз. Сондай-ақ, желтоқсан айында Ұлттық қор есебінен 7,2 млрд теңге көлемінде қаражат айналым капиталына қаражаттандыратын несие түсті», - деді басқарма басшысы.
Осылайша, оның айтуынша, Қордың алдында 2016 жылы Дүниежүзілік банктен 30 млрд теңге, Азия даму банкінен 30 млрд теңге және ЕҚҚДБ-нен 5 млрд теңге тарту міндеті тұр.
Сонымен қатар, ол кәсіпкерлер қажетті қаражатқа тек қана банктерге ғана емес, микроқаржы ұйымдарына да жүгіне алатынын еске салды.
«Қазір қордың қарауында «Қазмикрофинанс» компаниясының алғашқы жобасы жатыр, бұл біздің микроқаржы секторының көшбасшысы, ЕҚҚДБ «Даму» корпоративтік қорының кепілдігімен шағын кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыруға теңгелік ресурстар бере бастайды», -ді Л.Ибрагимова.
Фото:kapital.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024