Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – «Даму» Қорының Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов Ақтөбе облысына іссапары кезінде мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды.
«Даму» Қорының төрағасы «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС диірмені мен макарон зауытының және «ADM Investment» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты.
«Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС 2002 жылы құрылған. Ұн және макарон өнімдері шығаруда Батыс Қазақстандағы көсбасшы кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын жылына 140 000 тонна ұн және 8 000 тонна макарон шығарады. Компанияда 216 адам жұмыс істейді.
«Granum» және «Мұқатай» сауда белгісімен сатылатын өнімдер еліміздің ішкі нарығында ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Грузия, Ауғанстан сияқты елдерге де экспортталады. Макарон өнімдері цехы 2015 жылы іске қосылған. Ал 2017 жылы компания Италиядан жайма нан шығаратын «Italplast» атты кешенді желіні алдырып, орнатты.
Мемлекеттік бағдарлама аясында «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС «Сбербанк» АҚ арқылы 5 млрдтан астам теңге алған. Соның ішінде 4 045 млн теңге «Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасы аясында, ҚР Ұлттық Қорының қаражаты есебінен бөлінген 6%-дық несие. 1 038 млн теңгесіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидияланды.
Келесі нысан – «ADM Investment» ЖШС құс фабрикасы. 2012 жылы ашылған компания тауық жұмыртқасын өндіру үшін құс өсірумен айналысады. Кәсіпорында 129 адам жұмыс істейді. Жылына 150 млн жұмыртқа шығады. Өнім Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде сатылып, Ресей мен Ауғанстанға жөнелтіледі.
Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 722 млн теңге құрайтын несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялаған. «АТФ Банктен» алған несиені өндірісті жаңғыртуға, соның ішінде ғимараттарды жөндеуге және құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсаған.
Аталған кәсіпорындардың басшыларымен кездесу кезінде түйткілді мәселелер мен кәсіпті одан әрі дамыту жобалары және оларды жүзеге асыру үшін қажет қаржылай қолдау мәселелері талқыланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024