«Даму» Қорының Ақтөбе филиалы ғимаратындағы жөндеу жұмыстары кезінде шатыр мен екінші қабат жартылай қирап түсті
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалының ғимараты ескіргендіктен, 2021 жылдың бірінші жартысында тиісті жобалау-смета құжаттары аясында күрделі жөндеу басталған. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу құқын үш жылдан астам тәжірибесі бар «Sigma Construction» ЖШС құрылыс компаниясы ашық тендерде жеңіп алды. Бұл компания жөндеуді 2021 жылдың шілдесінде бастаған.
1 қыркүйекте «Даму» Қорының Ақтөбе қаласындағы филиалы ғимаратында жөндеу жұмыстары кезінде шатыр мен екінші қабаттың бір бөлігі қирап түсті. Оқиға орнында екі адам зардап шеккен. Жарақат алғандар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 2 қыркүйекте үйге шықты. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының мониторинг бөлімінің маманы, 1988 жылы туған Мырзагельдина Ләззат Таңжарыққызы ауруханада қайтыс болды.
«Даму» Қорының басшылығы Ләззат Таңжарыққызының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, «Даму» Қоры ғимарат конструкциясының құлауына не әкеп соққанын міндетті түрде анықтайды. Тергеу нәтижелері бойынша мердігердің (оның ішінде «Sigma CONSTRUCTION» ЖШС құрылыс компаниясы, авторлық қадағалауды жүзеге асыратын компания және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияға да) іс-әрекетіне заң аясында баға беріледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024