Ең ірі деген 15 дамушы нарық 2014 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың наурызы аралығында $600,1 млрд көлеміндегі таза капиталдан айрылды. Бұл туралы NN Investment Partners есебі мәлім етті.
Бұған дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты алғанда әлсіреуі, сонымен қатар дамыған елдердегі қор нарығының күшеюі себеп болды. Осылайша дамушы нарықтар 2008 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың наурыз айы аралығында $545,2 млрд көлеміндегі таза шығын деңгейінен асып түсті. Бұл әлемдік экономикалық дағдарыс шырқау шегіне жеткен кезде келген шығын болатын. Әзірге капиталдың сыртқа ағуы жаңа қаржы көздерін аша қойған жоқ. Бұған дейін дағдарыс жылдары АҚШ-тың ақша-несие бағдарламалары арқылы нарық қосымша қаражат алып отырған-ды. 2009 жылдың шілдесі мен 2014 жылдың 30 маусымы аралығында таза кіріс $2,2 триллионды құрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024