Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде «шоу ұйымдастырмауды» талап етті
Өскемен. 11 сәуір. 7kun.kz - Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Глубокое ауданы әкімі мен оның орынбасарына қатаң сөгіс жариялады. Бұл туралы ол бүгін кеңейтілген аппарат мәжілісінде жария етті.
Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шынайы баға көрсетілмегені үшін Д. Ахметовке Өскемен тұрғындарынан кешірім сұрауға тура келген.
Ет өнімдерін сатушылар келісіне 1600-1800 деп тұрған бағаларды әкім жәрмеңкеге келген сәтте 1300-ге ауыстырып қойды. Тұрғындар сатушылардың осы әрекеттеріне шағымданып, өңір басшысына халықтан кешірім сұрауға тура келді.
Бүгінгі кеңейтілген отырыста басты тақырып та осы болды. Даниал Ахметов орынбасары Дүйсенғали Мусинге демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге «алыпсатарларды» жібермеуді, бір апталық мерзімде сатушылардың кем өлшеу, баға қосу сияқты әрекеттеріне жол бермеу шараларып дайындап, тапсырманың орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.
«Шоу ұйымдастырып, адамдарды алдаудың қажеті жоқ. Біздің әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты кемсітуге құқығымыз жоқ», - деді Ахметов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024