
Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Бүгін @kazebitda Тelegram арнасы Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлаған еді. Алайда Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мұны жоққа шығарып, Tengrinews.kz тілшісіне Ақышевтің жұмыс орнында екенін айтқан.
«Біздің кеңсе органдардан ешқандай ресми қағаз алған жоқ», - деді Үкібай.
Айта кетейік, Ақышев қазір Тұңғыш Президенттің көмекшісі қызмет атқарады.
Артынша Бас прокуратура да Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын хабарлады.
Ал, Ақышевтің өзі болса жұмыста отырғанын, қажет болған жағдайда баспасөз қызметі хабарлама беретінін айтқан. Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратқандардың үстінен арыз тастауы мүмкін екенін айтты. Ол бұл мәселені Тұңғыш Президент кеңсесімен бірге талқылап, шешім қабылдамақ.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025