
Копенгаген. 21 наурыз. 7kun.kz - Дания жалпы көлемі 1,5 млрд долларды құрайтын шетелдік валютадағы кредитін төлеп, 183 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарызын толық өтемек. Бұл туралы Данияның ұлттық банкі хабарлады.
«Үкіметтің сыртқы қарыз алуға деген ниеті болған жоқ, осылайша қарыздар ақырындап қайтарылды», — деп жазылған орталық банк хабарламасында.
Бірақ, Altinget басылымының жазуынша, кредитін төлеу Данияда мүлдем қарыз қалмады дегенді білдірмейді. Ел мемлекеттік бюджеттің дефицитін бітеу үшін кронмен (валюта - ред.) алған облигацияларын төлейді.
Данияның қаржы министрінің айтуынша, мемлекет шетелдік валютадағы қарызын алғаш рет Амстердам мен Гамбургтен 1757 жылы алған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025