Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki туралы айтып берді

Данияр Ақышев ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki туралы айтып берді

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - 2018 жылы үш банк – ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki клиенттері алдындағы міндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты үш ай мерзімге жаңа депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бойынша лицензиялары тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Ол қазіргі кезде ЭксимБанктің, Qazaq Banki мен Астана банкінің өтімдіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету барысында тығырыққа тіреліп отырғанын және үш банкте де клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындау шектеулі екенін айтып өтті.

«Аталған банктердің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауы үшін жеткілікті ақша қаражатын түрлендірмеген несие портфельдерінің нашар сапасы олардың лицензияларын тоқтата тұруға және қайтарып алуға байланысты орын алған жағдайдың басты себебі болып табылады. Әдетте, проблемалы банктер жақсы кредиттер бермейді. Олардың несие портфельдерінің өсуінен капитал қоры күшеймейді. Олардың тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару стандарттарын жоғары деп те айта алмаймыз, ал несие портфелінің сапасы барынша төмен күйінде қалып отыр», - деп түсіндірді Д. Ақышев

«Біз ЭксимБанктің, Qazaq Banki мен Астана банкінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіп, банктердің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Д.Ақышев.

Сөз соңында ол Қазақстан Ұлттық Банкінің депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатынын еске салды.

«Жеке тұлғалардың салымдары, ақшасы мен төлем карточкалары және банк шоттары 10 млн теңгеге дейінгі сомада депозиттерге кепілдік беру жүйесімен қорғалған», - деді Д. Ақышев.

Похожие материалы