«Біріншіден, банктер арасындағы келіссөздер өте өзекті. Әсіресе, банктің акционерлері мен салымшылар үшін. Сондай-ақ, мәселенің заңды сұрақтары да маңызды. Сондықтан банктер бұл туралы толық ақпарат бермейінше, біз реттеуші мекеме ретінде түсініктеме бере алмаймыз. Себебі, бұл салымшылардың, акционерлердің құқығына қатысты. Барлық банктердің акциясы биржада жұмыс істеуде. Ол туралы нақты ақпарат бере алмаймыз. Банктердің бірігуі жөніндегі сұрақтар менеджерлер мен акционерлердің арасында шешілгеннен кейін олар құжаттарын алып, Ұлттық банкке кіреді. Сонда біз осы сұраққа түсініктеме береміз», - деп жауап берді төраға журналистердің сұрағына.
Сонымен қатар, Данияр Ақышев зейнетақы қорынан ұрланған ақшаларға қатысты жауап бере алмайтынын айтты. «Осы іске қатысты тергеудің қорытындысын күтейік», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық банктердің әлсіз екендігін айтып, олардың жұмысын сынға алған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024