Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "Деловой Казахстан" басылымына сұхбат беріп, банк секторы, қаржы нарығындағы жағдаймен және журналистермен байланыс туралы пікірлерімен бөлісті. Назарларыңызға ең маңызды деген тезистерін ұсынамыз.
Проблемалар туралы президентке де, қоғамға да ашық айту керек
- БАҚ-та сын болу керек. Іскерлік БАҚ бізбен жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істейді, барлық жұмысымызды объективті түрде жазып отырады. Біз олардың жұмыс тәсілімен қанағаттанамыз. Бірақ БАҚ-тағы қандай-да болмасын сын объектив болу керек деп есептейміз. Егер ол Ұлттық банктің әрекетіне қатысты болмай, жеке басқа өтетін болса "неге" деген сұрақ туады", - деді Д.Ақышев.
- Мемлекет басшысының сенімі - біз жүргізіп отырған жұмыстың ең маңыздысы. Президент қаржы нарығының барлық проблемалық сұрақтарын жақсы біледі, таза, объектив ойды өте бағалайды. Сондықтан алғашқы менің саясатым да біздегі проблемалар туралы қоғамға да, мемлекет басшысына да ашық айту еді.
Ұлттық банктің атқарған жұмыстары туралы
- Біздің ең басты міндетіміз - инфляцияны төмендету. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, статистика комитетінің мәліметіне сәйкес жылдық инфляция 8,5% деңгейінде тұрақтады. Егер жазда ол 17%-дан жоғары болғандығын ескерсек, 4 ай ішінде екі есе түсіру - Ұлттық банк жүргізген саясаттың дұрыс екендігінің көрсеткіші.
- Тағы бір маңызды нәтиженің бірі - валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру. Ұлттық банк біртіндеп валюталық интервенцияларды азайтты. Қыркүйек айынан бері біз оларды жүргізген жоқпыз. Қазіргі валюта курсы сыртқы нарықтық факторлардың әсері есебінен қалыптасып отыр. Нарық қатысушылары теңгенің еркін айналымына бейімделіп жатыр.
- Бір жыл ішінде теңгедегі депозит 66% немесе 3,3 трлн теңгеге өсті. Шетелдік валютадағы депозит 10% немесе 1,1 трлн теңгеге төмендеді. Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі 70%-дан 50%-ға дейін азайды. Бұл - прогресс, біз негатив трендті өзгерттік. Алдағы уақытта да жағдай жақсара түседі деп ойлаймын, - деді еліміздің бас банкирі. Оның сөзінше, айырбастау курсының тұрақтануына байланысты халық валюталық депозиттерін теңгеге алмастырып жатыр.
Данияр Ақышевтан кеңес
- Еркін айырбастау бағамы теңге курсы үнемі ауытқып тұратындығын білдіреді. Сондықтан өз кеңесімізді тағы да нақтылаймыз: жинақтарыңыздың жартысын екі бөлікке бөліп сақтаңызды. Яғни бір жартысы теңгеде болсын, мөлшерлеме жоғары болғандықтан, табыс та көбірек болады. Егер шетелде сауда жасап, сапарлайтын болсаңыздар, екінші жартысын шетелдік валютада сақтаңыздар. Бірақ ол жағдайда табыс төмен болады, -дейді ол.
2017 жылдағы Ұлттық банк саясаты
- Біз 2017 жылы да инфляцияны 6-8% деңгейінде сақтаймыз. Бұдан бөлек пайыздық мөлшерлеме бойынша негізгі индикатор деп есептелетін жанама табысты қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Ұлттық банк еркін айырбастау курс режимін сақтайды. Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін базалық мөлшерлемеге теңестіруді жоспарлап отырмыз, ол экономикадағы ақшаның нағыз құнын көрсетеді, - деп атап өтті ол.
- Тағы бір маңызды тапсырманың бірі - ссудалық портфельге терең зерттеу жүргізу. Ол үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді пайдаланамыз. Сонымен қатар банктерді тәуекелдері бойынша бақылауды бастаймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024